Сұхбат

Болат Әбділманов «Абай» фильміндегі рөлі, сын айтқандар, өнердегі жемқорлық туралы -сұхбат

Театр және кино актері, көпшілікке Абай Құнанбайұлы образымен таныс Болат Әбділманов өнер әлемінде жемқорлықтың жайылғанын, оны қалай шешуге болатынын, министрлік қабылдап отырған қате шешімдер туралы айтты

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Жемқорлық деген – адамның мәдениетінің төмендігі, отанына, еліне деген махаббатының аздығы, иманның әлсіздігі. Өнер саласында осындай әрекетке барған адамдарды атақты болса да, қатты жазалау керек. Бұл – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Әбділмановтың пікірі. Актер Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында қазіргі қоғамдағы өнерге қатысты түйткілді мәселелер мен көпшілік талқысына түскен Абай рөлі туралы ой бөлісті.

Актер үшін директор болу – ең төмен саты

– Болат Мәзімбайұлы, шығармашылық туралы әңгіме бастамас бұрын қазір өнер саласындағы сізді толғандыратын мәселе жайын сөз етсек дейміз. Өнер адамдарына қатысты сізді мазалайтын қандай да бір жайт бар ма?

Ауруды айтпаса, асқынып кететіні секілді кей жайттың бүкіл өнерге жайылып кететін түрі бар. Қазіргі өнерді кеңестік дәуірдегі өнермен салыстырсақ, ол уақытта Әуезов театрының алтын ғасыры болған. Әзірбайжан Мәмбетов сол театрды 30 жылдан артық басқарды. Облыстық театрларды, жастар театрын да бір адам көп жыл басқаратын. Сол жетекшіліп етіп отырған басшылардың артынан бірде-бір жаман сөз ермейтін. Қазір бүкіл қоғамды, мемлекетті жайлаған сыбайлас жемқорлық, пара алу өнерді де айналып өткен жоқ. Мұның өнерге келуі өте үлкен қауіпті білдіреді. Өнерде жүрген адамдардың қолының осылай былғануы – жақсы емес.

Қазір қаншама театр басшысы пара алу бойынша ұсталып, кінәсі дәлелденіп, ісі сотқа кетіп жатыр. Мүйізі қарағайдай үлкен ағаларымыз, халық әртістерінен бастап жастарға дейін пара алудың маңайында малшынып, ісі сотта қаралды. Өнерге кеше келген өнерпаздардың өзі халықты алдап, халықтың ақшасын қалтасына басып, осындай жаман әдетке бой алдырып жүр. Жалған жарнама жасап табыс тауып жүргені де бар.

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close