Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда балаға ең көп қойылған есімдер белгілі болды

Осы жылдың 11 айында елордада 32 мыңнан астам сәби дүниеге келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш мыңға көп

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты биыл жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдерді жариялады.

2021 жылы Нұр-Сұлтанда қыздар арасында ең танымал есім Айлин болды. Бұл есім елордада дүниеге келген 437 нәрестеге берілді. Одан кейінгі орында – Медина, бұл есіммен 414 сәби тіркелді.

Ал ұлдар арасында Әлихан есімі қатты танымал. Жаңа туған 360 нәрестеге осы есім қойылды.

Қыздарға жиі қойылған есімдер

  • Айлин,
  • Медина,
  • Айша,
  • Әмина,
  • Томирис,
  • Аяла,
  • Айзере,
  • Раяна,
  • Сафия,
  • Асылым,
  • Айару,
  • Мәриям,
  • Айым,
  • Айша,
  • Зере.

Жиі кездесетін ұл бала есімдері

  • Әлихан,
  • Әмір,
  • Алан,
  • Әли,
  • Алдияр,
  • Арлан,
  • Омар,
  • Альтаир,
  • Айсұлтан,
  • Санжар,
  • Ибрахим,
  • Ислам,
  • Рамазан,
  • Ерасыл,
  • Арсен.

Әкімдік ақпаратынша, биыл қалада некені ресми тіркеген жаңа отбасылар саны да өсті. Есептік кезеңде 11 289 жұп отбасын құрды. 2020 жылы 9 571 неке тіркелген болатын.

Сарапшылардың айтуынша, қазір некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды. Бүгінде жас жұбайлардың орташа жасы – 26-28 жас, ал төрт-бес жыл бұрын ол 22-23 жасты құраған еді. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге ересектер де – 50-60, тіпті 70 жастағылар да шаңырақ көтеріп жатады.

Аудандық әкімдіктердің АХАТ бөлімдерінің мәліметінше, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 30 қарашасына дейін елордада 32 146 бала туу туралы куәлік алды. 2020 жылдың сәйкес кезеңінде қалада 29 083 сәби дүниеге келді.

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close