Экономика

Ақша айырбастау пункттерінің жұмысы уақытша тоқтады

Бұл Алматы және еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасып жатқан терроризмге қарсы операцияға байланысты болып отыр

Қазақстанда валюта айырбастау пунктерінің жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Ұлттық Банк.

Банк жүйесінің жұмысын қалпына келтіру кезең-кезеңімен іске асырылады.

Бұл ретте халық пен бизнес үшін банк сервистерінің басымдығы мен әлеуметтік маңыздылығы негізге алынбақ.

Мұндай шаралар интернеттің тұрақсыз жұмыс істеуі мен Алматы және еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасып жатқан терроризмге қарсы операцияға байланысты болып отыр.

Ұлттық Банк қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша қандай іс-шаралар қолға алынатынын жариялады:

10 қаңтар төлем жүйелері штаттық режимде іске қосылады. Оның ішінде зейнетақы, жәрдемақы мен жалақы аударымдары жасалады.

Қазақстандық биржа қорындағы (KASE) репо операциялар және мемлекеттік құнды қағаздар нарығы қалыпқа келтіріледі.

Бұдан бөлек, KASE валюталық алаңындағы сауда-саттық және халықаралық төлемдер мен аударымдарды жасау жүйесі Алматы мен басқа өңірлердегі жағдайдың тұрақталуына қарай қалпына келтіріледі.

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close