Сұхбат

«Маска» жеңімпазы Ерден Жақсыбеков шоу әділетсіз өтті дегендерге жауап берді

«Маска» шоуында кезең сайын Алтын адам, Қызғалдақ, Айдаһар, Бүркіт, Арыстан, Аққу, Арқар секілді образбен кім өнер көрсетіп тұрғаны анықталып, финалда әнші әрі театр актері Ерден Жақсыбеков жеңіске жетті. Ол Sputnik Қазақстан тілшісіне сайыстың қалай өткенін айтып берді

АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Қазақстандық өнерпаздар арасында өткен «Маска» шоуында әнші әрі театр актері Ерден Жақсыбеков жеңіске жетті. Ол «Арқар» образында өнер көрсеткен. Әртүрлі образдағы он төрт адамның ішінен жеңіп шыққан әнші бастапқыда «Барыс» кейпінде өнер көрсеткісі келгенін айтып, сайыс қорытындысы төңірегіндегі алып-қашпа әңгімеге қатысты пікір білдірді.

– Ерден, жобадағы жеңісіңіз құтты болсын! Әңгімені әріден бастасақ, бұл жобаға қашан шақырту алдыңыз, бірден келістіңіз бе?

Жобаның түсірілімі бір айға жуық уақытқа созылды. Шақырту алған кезде бірден келістім. Себебі әлемге танылған жоба идеясы басқа жобалардан ерекшеленеді. Бір жыл бұрын осындай жобаның басқа елдерде басталғанын көріп, «кімнің идеясы екен?» деген қызығушылық туды. Біздің елде бір күні өтетін шығар, өтсе де мені шақыру-шақырмауы да белгісіз ғой деген ой болды. Елеп-ескеріп шақырады деген ой болмады, жай армандап қойдым.

Дереккөз

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close