Сұхбат

«Айғайладым! Мұндай дүние үнсіз жазылмайды»: Олжас Сүлейменов сұхбат берді

12 сәуірде адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60 жыл болады. Сол тарихи сәтті қағазға түсірген ақын Олжас Сүлейменов Юрий Гагаринмен кездескені жайлы, поэманың қалай жазылғанын айтып берді

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Адамзаттың ғарышқа алғашқы сапары Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Осыдан 60 жыл бұрын Байқоңыр жерінен ұшқан Юрий Гагарин ғарыш әлемін бағындырды. Сонымен қатар сол күні әлем тарихи сәтті жырға қосқан қазақ ақыны Олжас Сүлейменовті таныды.

Адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына байланысты Sputnik Қазақстан тілшісі белгілі ақын, жазушы, әдебиеттанушы, лингвист және қоғам қайраткерімен сұхбаттасты.

Олжас Сүлейменов «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасының қалай жазылғаны, бір күнде ақын мен өлеңнің танымал болуы, Юрий Гагаринмен қалай кездескені, ғарышты бағындырған алғашқы адамның қазасын қалай қабылдағаны және бүгінгі Қазақстан жайлы эксклюзивті сұхбатта айтып берді. 

«Айғайладым! Мұндай дүние үнсіз жазылмайды»

– Олжас Омарұлы, қайырлы күн. Сізді аман-есен көргенімізге шын қуаныштымыз.

– Құдайға шүкір, рақмет!

– Биыл 18 мамырда 85 жасқа келесіз. 60 жыл бұрын шамамен дәл осындай уақытта сіздің Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына арналған көпшілікке белгілі «Адамға табын, Жер, енді!» поэмаңыз жарық көрді. Бұл туындының жазылу тарихы қандай? Поэма арқылы оқырманға не жеткізгіңіз келді және оны жазуға қанша уақыт кетті?

– 12 сәуір. 1961 жылдың 12 сәуірі. Бұл бүкіл адамзат үшін ғана емес, жас ақын, әдебиетші Сүлейменов үшін де жұлдызды күн болды. Оған дейін де бірлі-жарым өлең жаздым, алайда ол уақытта кітабым да жоқ еді. «Казахстанская правда» газетінде жұмыс істеп жүрдім. Редактор шақырып, «Ертең адам ғарышқа ұшады» деді. Маған осындай құпияны айтты. Шамасы, партияда осыған байланысты қандай да бір ақпарат айтылып жүрген, республикалық газеттің редакторы ретінде ол жоспардан хабардар еді. Меніңше, Кеңес Одағының барлық редакторы сол тарихи оқиғаның болатынын білді. Алайда тек бір редактор ғана оны өзінің қызметкеріне айтып, өлең жазуын өтінді. Ол менің өлең жазатынымды білетін, себебі әдебиет институтында оқыдым. Әдеби газетте өлеңдерім жарияланған. Содан Федор Боярский осындай ұсыныс айтты. Ерекше редактор болатын. «Ертең газетте жариялайтындай етіп жаз» деді. Тапсырмасын сол күні орындадым, баспаға тапсырдым.

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close