Сұхбат

«Күтпеген жағдай болды»: ХХІ ғасырдың Ерболы мен Меңтайы сұхбат берді

Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы негізінде түсірілген телесериалда басты рөлді сомдаған актерлар түсірілім кезінде оянған сезім мен отбасылық өмірі жайлы баяндады

АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Абай «ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» деген. Ал ел арасында «махаббат пен жөтелді жасыра алмайсың» деген сөз бар. Рас, сезім оты жүректе лаулап, жанар арқылы берілсе, сезілсе керек. Дәл осындай ғашықтық сезімін бастан өткеріп, бірнеше ай бір алаңда жұмыс істеп, артынша шаңырақ көтергендер арамызда бар. Sputnik Қазақстан бір фильмнің арқасында бағы жанған қос ғашықтың оқиғасын ұсынады.

Жуырда Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша түсірілген телесериал көрерменге жол тартты. Фильмнің түсірілімі төрт айға созылған. Басты рөлді Ермек Тұрғанбек пен Нарқыз Айдарова сомдады. Қос актер дәл Ербол мен Меңтайдай бір оқу орнында оқиды. Алайда олардың тағдыры роман желісінен мүлде бөлек: бастапқыда сырттай таныс болған екі жас түсірілім аяқталған соң бірден шаңырақ көтерді.

Сезім мен ой арпалысы

Кастинг онлайн форматта өткендіктен екі актер бірге рөл сомдайтынын білмеген. Түсірілімнен бір ай бұрын образды ашу мақсатында олар басқа әріптестерінен бөлек дайындалған. 

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close