Сұхбат

ҰБТ-2021: сынақ тапсырудың жаңа жүйесі – биылдан бастап не өзгерді

Алтыншы мамырда Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі кезеңі басталып, еліміздегі 130 мың оқушы ҰБТ тапсырады

2021 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі жаңалыққа толы. Мектептің басты емтиханын тапсыруда Қазақстан ТМД елдері ішінде алғашқы болып электронды форматқа көшті. 

Республика бойынша ҰБТ тапсыратын 51 орында үш ай бойы оқушылар өздері таңдаған күн мен уақытта екі рет емтихан тапсыра алады.

Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұловпен сұхбаттасып, 2021 жылы ҰБТ тапсыру төңірегіндегі өзгерістер жайлы мәлімет алды.

«Көке-жәкесіз» ҰБТ

– Дидар Нұркенұлы, Ұлттық тестілеу орталығына басшылық қызметке келгенге дейін сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде қызмет еттіңіз. Сондықтан ҰБТ саласын шайқалтқан даулы оқиғалар жайлы хабардарсыз. Сізден бұрын басшы болған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды… Осы қызметке келерде қорқыныш болмады ма?

– Қорқыныш болған жоқ. Себебі қабылдау кезінде мен Асхат Қанатұлына (Аймағамбетов – Қазақстанның білім министрі – Sputnik) «Маған қандай да бір заңсыз тапсырма бермейтініңізге кепіл бола аласыз ба? Егер сіздің тараптан заңды өзара қарым-қатынасқа жүз процент кепілдік берсеңіз, онда мен басқаларға кез-келген заңсыз мәселеде «жоқ» деп жауап бере аламын» деп бірден айттым. 

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close