Елорда тынысы

Елордада баспана кезегінде тұрғандарға пәтер кілті табысталды

Қала әкімдігінің ақпаратынша, желтоқсан айында кезекте тұрған 2 мыңнан астам отбасы әлеуметтік пәтерге ие болады

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік күні баспана кезегінде тұрған 400-ге жуық отбасы пәтер кілтін алды.
Баспаналы болғандар арасында «Отбасы банкі» арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар бар. Тұрғындарға пәтер кілтін Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов табыс етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа үйлер Есіл ауданында орналасқан.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы күні қаланың жаңа ауданында жаңа пәтерлердің кілтін тапсыру мен үшін үлкен құрмет. Бүгін осы үйдің маңында біз ең заманауи жабдықтармен жабдықталған 4 мың оқушыға арналған BINOM мектебін аштық. Әрине, бұл ауданда әлі көп жұмыс бар», – деді Нұркенов.

Айтуынша, инженерлік инфрақұрылым бойынша жұмыстар жалғасады. Жолдар мен өтпе жолдар, қоғамдық көлік жұмысы ұйымдастырылады.

«Болашақта бұл аудан елордадағы ең жайлы орындардың біріне айналатынына сенімдімін», – деді әкім орынбасары.

Бибігүл Тұрабаева елордада 2007 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұр. Бүгін ол баспаналы болған бақытты жандардың қатарында.

«Мен №1 балалар ауруханасында медбике болып жұмыс істеймін. 2007 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрмын. Бүгін мереке күні баспаналы болып отырмын. Осындай маңызды оқиға бүгін болғанына қуаныштымын. Қазақстанның барлық азаматын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын!», – деп қуанышын бөлісті астаналық әйел.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, желтоқсан айында кезекте тұрған 2 мыңнан астам отбасы әлеуметтік пәтерге ие болады.

Жалпы биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдікті әлеуметтік пәтер салынды. Тек соңғы үш жылда қолжетімді баспана саны 5,5 есеге артқан.

Оқи отырыңыз: 

  • Зейнетақы жинағын Отбасы банк депозитіне аудару: нені білу қажет
  • «Алматы жастары» бағдарламасы 2022 жылы да жалғасады

 

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close