Спoрт

Минсктегі турнирде қазақстандық балуандар 3 медаль жеңіп алды

Әйелдер командасының өкілдері екі «күміс» және бір «қола» жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Минскте күрес түрлерінен «Александр Медведь» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеу жеңіп алды – видеоБеларусь елінде күрес түрлерінен Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Әйелдер күресі бойынша сынға түскен қазақстандық балуандар ел қоржынына үш медаль салды. 

Атап айтқанда, Аяжан Саду (72 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) күміс медаль иеленді. Ал 55 келіде белдескен бұрымды балуан Гүлдана Белдеш қоржынды қоламен толықтырды. 

Айта кетерлігі, еркін күрестен бозкілемге шыққан қазақстандық Азат Оганиссян финалға жолдама алды. 61 келіде бақ сынайтын ол жергілікті балуан Андрей Бекреновпен жарыстың алтынын сарапқа салады. 

Дереккөз

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close