Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда барда 500-ге жуық адам карантинге қарамастан көңіл көтерді

Қала мекемелері көптеген ескерту жасалғанына қарамастан карантин шектеулерін бұзып, келушілер мен қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндіріп жатыр

Елордалық мониторингтік топтар өткен тәулікте 12 мекемеде карантин талаптарының бұзылғанын анықтады.

«Ең көп заңбұзушылық Есіл ауданында тіркелді – 6 нысан. Тексеріс кезінде «Zima» барлар галереясында 500-ге жуық адам болған. «Cabera» гриль-барында, «Панаехали» барында, «Khan El-Khalili» кафесінде, «Мята Platinum Nursaya» ресто-барында, «Tequila»барында жұмыс режимі сақталмаған», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Алматы ауданында «Киш Миш» кафесі, «Tema» компьютерлік клубы, «Панаехали» атмосфералық бары және «Что Будет Дальше» караоке-бары карантин бұзушылар тізіміне енді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды – не өзгереді 

Сарыарқа ауданында орналасқан «Амарин» және «Шашлыкофф» мейрамханаларында да карантиндік шектеулер ескерілмеген.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материал әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Дереккөз

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close