Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 1000-нан астам үлескер пәтер кілтін алды – видео

Биыл елорада құрылысы көп жылға созылған барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп көзделіп отыр

АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған «Шығыс» тұрғын үйі аяқталып жатыр. Көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше кезектен тұрады, онда үлескерлердің ең көп саны шоғырланған – шамамен 2,5 мың отбасы.

«Шығыс» тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, қазір 800-ге жуық үлескер өз пәтерінде тұрып жатыр. Құжаттарды рәсімдеу процесі жүргізілуде. Биыл барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, осылайша 7500-ден астам үлескердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазір «Шығыс» тұрғын үй кешенінің екінші және үшінші кезегін күтіп қалған 1 047 үлескерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кілт беріліп жатыр.

«Бүгін бізде қос мереке. Сегіз жылдан бері күткен пәтерімізді ақыры алдық. Бұл – мемлекеттің үлкен еңбегінің нәтижесі», – деді Ермұхамет.

«Шығыс» тұрғын үй кешенінің қалған 1 058 үлескерінің мәселесін екінші деңгейлі банк және инвестормен «қоныс аудару» жобасы бойынша жасалған келісім аясында шешу жоспарланып отыр. Мәселен, 4, 5-кезек және 2Б үлескерлері, сондай-ақ «Жағалау-4» ТК 1-полигон, 2-полигон дайын тұрған «Шығыс» ТК 3А және 3Б нысанына көшіріледі.

2019-2020 жылдары 33 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілді. 5 мыңнан астам үлескер отбасы көптен күткен қоныс тойын тойлады.

2022-2023 жылдары құрылысы ұзаққа созылған қалған үйлерді аяқтау жоспарланып отыр. Ұзақ құрылыстың әрбір нысаны бойынша іс-шара жоспары бар.

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close