Қоғам

Экс-депутат «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырды

Экс-депутат Нұртай Сабильянов алғашқылардың бірі болып президент тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқы» қорына 5 миллион теңге көлемінде қаржы аударды.

Бұл туралы ол өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстарын, мәлімдемесін тыңдадық. Толық қолдаймыз. Құрылатын «Қазақстан халқына көмек» қорына кәсіпкер ретінде 5 миллион теңге аударамын, -деп жазды Нұртай Сабильянов.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырды. 

«Бұл – халық қоры. Ол президенттің немесе үкіметтің жанынан құрылмайды. Беделді бақылау кеңесі құрылады. Адал, жауапты басшы тағайындалады. Оның қызметі толығымен ашық болады, қоғамға есеп береді. Жоспарлары, бюджеті мен жобалары сайтта жарияланады. Бүкіл ақпарат ашық болады», – деді қор жайлы президент.

Оқи отырыңыз: 

  • Утилизациялық алымның мөлшері қайта қаралады – Тоқаев тапсырма берді
  • Президент «достарына жағдай жасайтын» банктің жұмысын өзгертуді тапсырды

 

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close