Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің күмбезі құлады: жарақат алған әйел көз жұмды

Ауыр жарақат алған әйел 2 айдан кейін ауруханада есін жимастан қайтыс болды

Нұр-Сұлтанда екі ай бұрын металл конструкцияның құлауы салдарынан жарақат алған 56 жастағы әйелді дәрігерлер аман алып қала алмады.

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел 22 қазанда №2 қалалық көпсалалы ауруханаға түскен. Онда науқасты шұғыл түрде арнайы мамандар қарап, одан кейін жансақтау бөліміне ауыстырылған.

Әйелдің ашық бассүйек-ми жарақатын алғаны, миы ауыр дәрежеде жараланғаны анықталды. Сондай-ақ денесінде түрлі жарақаттар болған.  

«Миға кезең-кезеңімен операциялар жасалды, өкінішке қарай, оң нәтиже бермеді. Осы жылдың 14 желтоқсанында науқас есін жимастан қайтыс болды. Реанимациялық шаралар жасалғанына қарамастан науқасты аман алып қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 22 қазанда болды. Қатты желдің салдарынан Сығанақ көшесіндегі «Номад» тұрғын үй кешенінің шатырынан металл конструкция құлады. Салдарынан бір әйел зардап шекті – ол ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.  

Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: «Жарылыс деп ойладық»: Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео 

Дереккөз

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close