Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әкімі қандай көлік мінетінін айтты

Қала басшысы қызметтік автокөлігі жоқ екеніне сендірді, ол басқа шенеуніктер сияқты такси қызметін пайдаланады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарлары кезінде қандай көлікпен жүретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мен қазір Toyota Camry мініп жүрмін, орынбасарларымда да Қазақстанда шығарылған автокөліктер. Біз такси қызметін пайдаланамыз», – деді Көлгінов брифингте.

Ол шенеуніктер мінетін барлық автокөлік қала әкімдігімен келісімшарт бекіткен такси қызметіне тиесілі екенін атап өтті.

«Мұндай шешім бірнеше жыл бұрын қабылданды. Бізде әкімдікпен жұмыс істейтін такси қызметі бар. Біз соны пайдаланамыз, мұны жасырмаймыз да. Басқарма басшылары, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері – бәрі таксимен жүреді», – деді Көлгінов.

Елордалық шенеуніктер қызметтік көліктен таксиге 2018 жылы ауысты. Осыдан кейін Нұр-Сұлтан әкімдігі ғимаратының маңында арнайы тұрақ пайда болды.

Сол кезде қызметтік автокөліктерден бас тарту нәтижесінде бес жылда 1 миллиард теңге үнемделетіні хабарланған еді. Босаған 64 көлік мектептер мен ауруханаларға берілді.

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close