Фотo

«Мамонт даласы» жаһандық жылынуды тоқтатуға қалай көмектеседі – фото

©
REUTERS / Maxim Shemetov

  • Қорықтың негізін салушы әрі ғылыми жетекшісі 66 жастағы Сергей Зимов Ресейдің Саха Республикасы (Якутия) Черский қаласының маңындағы Плейстоцен саябағында мәңгі тоңның болуын тексеріп тұр. Ғаламдық жылыну мәңгі тоң қабаттарының еруіне әкеледі, парник газдарының көп мөлшерде шығу қаупін төндіреді. Себебі мыңдаған жыл бойы мұз астында жатқан мамонт сүйектерінен бастап өсімдіктерге дейін еріп, ыдырайды. Ғалымдардың айтуынша, қалдықтар Еуропа Одағының өнеркәсіп шығарындыларына тең болуы немесе олардың ішіндегі ыдырайтын органикалық заттардың көптігіне байланысты олардан асып кетуі де әбден мүмкін. «Бұл жер бетіндегі ең суық жерлердің бірі және мұнда мәңгі тоң жоқ», – деді Зимов, Якутияның бұл өңірінде температура орташа әлемдік деңгейден үш есе артық.https://sputnik.kz/images/07e5/0b/0c/18639096.jpgSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pngSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pnghttps://sputnik.kz/photo/20211123/18733101/eksperiment-zhylynudy-foto.html

    Ғалым Сергей Зимов ширек ғасыр бойы таңғажайып экологиялық эксперимент жүргізіп келеді – соңғы мұз дәуірінің «мамонт даласын» қайта жаңғыртып отыр

    Сергей Зимов қазіргі батпақты тундра ландшафттарында плейстоцен дәуірінде, яғни мамонттар, мүйізтұмсықтар және басқа да шөпқоректілердің ондаған түрі өмір сүрген кезге қарағанда өсімдіктер аз өседі деген қорытындыға келді. Ол топырақтың қазіргі нашар жағдайын кезінде аңшылардың шөпқоректілерді қырып тастағанымен байланыстырды. Ал жағдайды өзгерту үшін бұл жерлерге бір жағынан тұяғымен топырақты тығыздайтын, осылайша қар жамылғысын жылу өткізгіштік қасиетінен айырып, екінші жағынан топырақтағы қоректік заттардың айналымын едәуір тездететін жануарлар тобын қайтару қажет.

    «Қазіргі Арктиканың суық және құрғақ жағдайында органикалық заттар өте баяу ыдырайды, ал өсу кезінде қолданылатын минералдар ондаған жыл/ғасыр бойы өлі өсімдіктерге жабысып қалады. Жайылымдық экожүйелерде органикалық заттардың ыдырауы бірнеше сағат ішінде жануарлардың асқазанында жүреді, ал азот пен басқа да пайдалы заттардың айналымы біршама жеделдетіледі», – делінген қорық сайтында.

    Эксперимент 1996 жылы плейстоцен саябағы құрылған кезде басталды. Оның ауданы – 144 шаршы шақырым. Оның аумағында ірі шөпқоректі жануардың бірнеше түрі бар – бұғы, якут жылқылары, бұлан, дала бизоны, жабайы өгіз секілді 150-ге жуық жануар. Жоба ғылыми гранттар, демеушілік және краудфандинг арқылы, сондай-ақ негізін қалаушы Сергей Зимов және парк директоры Никита Зимовтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады.

    Толығырақ фотодан көріңіз.

    Дереккөз

    Кілт сөздер:Әрі

    Ұқсас жаңалықтар

    Пікір үстеу

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Back to top button
    Close
    Close