Фотo

Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде қандай экспонаттар бар – фото

©
Sputnik / Тимур Батыршин

  • Алматыдағы халық музыкалық аспаптар музейі 1981 жылы 24 сәуірде ашылған. Музей қорында ұлттық музыкалық аспаптармен қатар түрік халықтары, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1300-ден аса экспонат бар.https://sputnik.kz/images/07e5/06/01/17212862.jpgSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pngАйгерім Таубай. Sputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/photo/20210601/17215180/Ykylas-Dukenuly-muzey-foto.html

    Алматыдағы халық музыкалық аспаптар музейі 1981 жылы 24 сәуірде ашылған

    Музей қорында ұлттық музыкалық аспаптармен қатар түрік халықтары, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1300-ден аса экспонат бар. Мұнда 9 экспозициялық зал жұмыс істеп тұр.

    Музейдің ашылу тарихы мемлекет және қоғам қайраткері, академик Өзбекәлі Жәнібековтың есімімен тікелей байланысты. Ал музей ғимараты 1908 жылы белгілі сәулетші А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған. Бұл ғимарат кезінде офицерлер жеке құрамының клубы, Жетісудың I ауылшаруашылық және өндірістік көрмесінің көрме павильоны, пошта-телеграф кеңсесі, «Красная звезда» кинотеатры, офицерлердің жиналыс үйі, аймақтық офицерлер үйі, Орта Азия әскери округі офицерлер үйі қызметін атқарған. Кейіннен музыкалық аспаптар музейі болды.

    1990 жылы 11 наурызда музейге қазақтың халық композиторы, қобызшы Ықылас Дүкенұлының есімін беру туралы шешім қабылданды.

    Музейде экспонаттарды сақтау, насихаттау және музыкалық мұраны дәріптеу, сондай-ақ музей коллекцияларын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми бөлім бар. Сондай-ақ 120 адамға арналған лекция-концерт залы жұмыс істеп тұр. Музей ішінде қандай экспонаттар бар екенін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

    Дереккөз

    Кілт сөздер:Әрі

    Ұқсас жаңалықтар

    Пікір үстеу

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Back to top button
    Close
    Close