Қоғам
Жаңа антирекорд: 6 800-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы табылды
Нұр-Сұлтанда 1 537, Алматыда 1207, Қарағанды облысында 796 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Қазақстанда өткен тәулікте 6 797 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір күн бұрын 6 637 науқас тіркелген болатын.
Өткен тәуліктің статистикасы:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 1537,
- Алматы қаласы – 1207,
- Шымкент қаласы – 382,
- Ақмола облысы – 195,
- Ақтөбе облысы – 175,
- Алматы облысы – 260,
- Атырау облысы – 480,
- Шығыс Қазақстан облысы – 333,
- Жамбыл облысы – 141,
- Батыс Қазақстан облысы – 136,
- Қарағанды облысы – 796,
- Қостанай облысы – 209,
- Қызылорда облысы – 163,
- Маңғыстау облысы – 254,
- Павлодар облысы – 207,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 142,
- Түркістан облысы – 180.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 542 703.