Қоғам

«Дикий Арман» екі айға қамауға алынды

Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді

Жуырда Алматыда арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Айта кетері, Арман Жұмагелдиев көпшілікке «Дикий Арман» лақап атымен танымал.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий Арман» бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.

Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді. «Дикий Арманды» ұстау сәтінің суреттері жарияланды. Оларға қарағанда ұстау операциясы қонақүйлердің бірінде болған.

Дереккөз

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close