Оқиға

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды – 11 адам ауруханаға жеткізілді

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жол апатынан зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенін айтты

Атырау облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Жол апаты 18 желтоқсан күні кешкі сағат 18:30-да Доссор – Күлсары тас жолында Доссор ауылына жақын жерде болған. Volkswagen Sharan мен Ravon көліктері бетпе-бет соқтығысады. Бір көліктен түтін шыға бастаған.

«Бірақ автомобиль жанған жоқ. Тас жолының бойында қызмет атқарып жүрген медициналық құтқару бекетінің мамандары жарақат алған 11 адамды Доссор ауылының ауруханасына жеткізді», – дейді құтқарушылар.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем мен полицейлер барды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әзірше облыстық денсаулық сақтау басқармасы да, полиция департаменті де толық ақпарат бермей отыр.

Оқи отырыңыз: 

  • Нұр-Сұлтанда алты көлік соқтығысты – видео
  • Маңғыстауда автокөлік жылқыны қағып кетті: 6 адам ауруханаға түсті – видео

 

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close