Оқиға

Алматы-Қорғас тас жолында 17 көлік соқтығысты – видео

Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олар Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді

Алматы-Қорғас тас жолында жиырмаға жуық көлік соқтығысты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_original)

«25 желтоқсанда сағат 10.00 шамасында Алматы-Қорғас жолының 134 шақырымында қою туман кесірінен 17 көлік соқтығысты», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олар Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді. 

Апат орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр. Жолдың 84-136 шақырымының арасы жабық. Куәгерлердің айтуынша, жол қатты көктайғақ. 

Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар қызметі күн райының бұзылуына байланысты дабылды ескертулер туралы хабарлаған болатын. 

Сондай-ақ таңертең ауа райының күрт нашарлауына байланысты Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы жабылды.

Оқи отырыңыз: 

  • Құтқарушылар ескертуін елемейтін жүргізушілерге айыппұл салына ма – министр жауабы
  • Елорда полициясы жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті

 

 

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close