Фотo

Nature inFocus Photography Contest байқауында үздік деп танылған туындылар – фото

©
Photo : Prathamesh Ghadekar / Nature inFocus 2021

  • Ғажайып сурет! Осындай теңдессіз түстер тудырып тұрған бұршақты саңырауқұлақтың спорасы (полипора) екеніне сену қиын. Бұрыштан түсірілген жарық әсерінен олар алуан түске боялып тұр. Фотограф қолындағы шам жарығына түскен өлі ағаш дінінде өсіп тұрған саңырауқұлақты көрген. Содан кейін Стоунхендж әсерін тудыру үшін суретті көлденең аударып, Солтүстік шұғыласы секілді түсірген. Фотограф Пратхамеш Гадекар түсірген «Солтүстік шұғыласы» (Northern Lights) деп аталатын сурет Creative Nature Photography аталымында жеңіске жетті. https://sputnik.kz/images/07e5/0b/17/18734875.jpgSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pngSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pnghttps://sputnik.kz/photo/20211211/18872438/Nature-inFocus-Photography-Contest-foto.html

    Бізді қоршаған жабайы әрі таңғажайып табиғат шығармашыл адамдардың шабытына айналуда. Олардың қатарында фотографтар да бар. Nature inFocus Photography Contest 2021 байқауында жеңімпаз атанған мына кадрлар қазылар алқасын да, көрерменді де таңдай қақтырды

    Жабайы табиғат пен онда тіршілік ететіндердің бұл суреттері қоршаған ортаның биотүрлілігін кезекті рет паш етті.

    Биыл бұл байқауға әлемнің 40 елінен 2 мың фотограф 18 мыңға жуық сурет жолдады. Фотографтар арасындағы байқау COVID-19 пандемиясына байланысты виртуалды форматта өтті. Бірақ осыған қарамастан авторлардың ең теңдессіз туындылары іріктеліп, үздіктері марапатталды.

    Қазылар алқасы атап өткендей, үздікті анықтау оңай болған жоқ. Себебі тамаша суреттер тым көп болды.

    Фотографтар «Жануарлар бейнесі», «Табиғаттың шығармашылық келбеті», «Жас фотограф», «Түр сақтау проблемасы», «Жабайы пейзаж және тіршілік ортасындағы жануарлар», «Жануарлардың іс-қимылы» сынды дәстүрлі категория бойынша сынға түсті.

    15 жастағы Анага Мохан ең жас әрі дарынды фотограф атағына ие болды.

    Суреттер топтамасынан байқауға қатысқан басқа да фотографтардың үздік туындыларын тамашалай аласыздар.

    Дереккөз

    Кілт сөздер:Әрі

    Ұқсас жаңалықтар

    Пікір үстеу

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Back to top button
    Close
    Close