Оқиға

Алматыдағы тәртіпсіздік: наразылар 7 ірі супермаркетті тып-типыл етті

Ірі супермаркеттер желісіне шабуыл жасалды, жеті дүкен толығымен тоналды

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде жеті азық-түлік дүкені толығымен тоналды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Magnum PR менеджері Дмитрий Шишкин.

«Алматыда таңғы сағат 4-тегі жағдай бойынша: жеті дүкен толығымен тоналды, тағы жетеуіне шабуыл жасалды. Біз Алматыда әзірге жұмысты тоқтаттық. Басқа қалаларда штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, бірақ қысқартылған жұмыс кестесі енгізілді және алкоголь сатылып жатқан жоқ», – деді Шишкин.

«Төлем жасауға қатысты айтсақ, POS-терминалдар бірде істеп, бірде істемей тұр. Сатып алушылар қолма-қол ақшамен келгені дұрыс. Жалпы тауар жеткізуде іркіліс жоқ», – деп толықтырды ол.

Бұған дейін Алматы полиция департаменті жаппай тәртіпсіздікке қатысқан ондаған адамның көзі жойылып, жеке тұлғалары анықталып жатқанын хабарлады. Олар полиция департаментінің ғимаратына басып кіруге әрекеттенген.

Қазір Масаншы – Қарасай батыр – Жамбыл – Байтұрсынов көшелерінің аумағында, үш әкімшілік ғимарат орналасқан жерде лаңкестікке қарсы операция жүргізіліп жатыр. Полиция Алматы тұрғындарынан қауіпсіздік мақсатында қала орталығына бармауды сұрады.

Алматы комендатурасы тұрғындарды сабыр сақтауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық қауіпсіздікті орнатуда құқық қорғау органдарына көмектесуге шақырды.

Оқи отырыңыз: Алматыда ойран салған ондаған адамның көзі жойылды – полиция  

Дереккөз

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close