Саясат

Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Президент протоколының бастығы, Сербиядағы төтенше және өкілетті елші, президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі ауысатын болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


«Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Атамқұлов Қазақстан президенті протоколының бастығы лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Ғабит Сыздықбековті Қазақстанның Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен алды.

Ал Алмат Байшолақов Қазақстан президенті әкімшілігінің қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Дереккөз

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close