Саясат

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентіне телефон соқты

Эмомали Рахмон Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттеріне белсенді атсалысып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді

 Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Тәжікстан президенті бүгін 69 жасқа толды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентінің қазақ-тәжік арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті

Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады, деп жазады Ақорда.

Эмомали Рахмон Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттеріне белсенді атсалысып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

Тараптар жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты сақтауды және халықаралық ұйымдар аясында өтетін алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Оқи отырыңыз: 

  • Он тоғыз жыл бұрын жоғалып, Тәжікстанда табылған қыздың адам сенгісіз тағдыры
  • Құшақ жая қарсы алды: Тоқаев Тәжікстанға екі күндік ресми сапармен барды – видео
  • Талибан* Тәжікстанға қандай айып тақты

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close