Жеңіске тағзым

Киевте қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі туған елінде жерленеді

Ресей мен Украинаның іздеу отрядтары Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан Қызыл армия жауынгерлерінің сүйектерін Қазақстанға тапсырды

Ұлы Отан соғысына қатысқан бес қазақстандықтың сүйегі жер қойнына тапсырылады. Төрт жауынгер Ресейден, тағы біреуі Украинадан табылды, деп хабарлады «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова.

«2020 жылдың наурызында украиналық «Вертикаль» іздеу тобымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру барысында 1940 жылдың ақпанында әскерге шақырылған Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, жауынгер Қайыржан Тікшекеевтің сүйегі табылды», – деді Мушанова Sputnik Қазақстан агенттігінің мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Қазіргі таңда жауынгердің сүйегі Қазақстан Республикасының Киевтегі әскери атташесіне тапсырылды және 2020 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстанға жеткізіледі. Жауынгердің немересі Марат Тікшекеев оны Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Дәукара ауылында жерлеуді жоспарлап отыр.

«Вертикаль» мамандандырылған іздеу бірлестігінің жетекшісі Владимир Жарконың айтуынша, сарбаз сүйегінің қалдығы жүгері алқабынан табылған.

«2020 жылдың 30 наурызында Киев облысының Макаров ауданында жүргізілген далалық жұмыстар кезінде біз Қызыл әскердің төрт сарбазының сүйегін таптық, олардың біреуі қазақ Қайыржан Тікшекеев болып шықты. Біз жеке сәйкестендіру белгісі арқылы сарбаз туралы деректерді анықтадық. Оның сүйегінің қалдығы жүгері өсірілетін егістік алқабынан табылды. Бұл бауырластар зираты емес, Тікшекеев өзінің соңғы шайқасын осы жерде өткізген. Ол 1941 жылы Киевті қорғаған 28-ші атқыштар дивизиясының құрамында болған», – деді Жарко.

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close