Қазақстандық қарсыласын екі минутта нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді иеленді – видео
Николай Веретенников ММА-дағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді, ал оның қарсыласы Айви бесінші рет жеңіліске ұшырады
АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Хьюстон қаласында аралас жекпе-жек шебері Николай Веретенников (8-3) жартылай орта салмақтағы Fury Fighting чемпиондық титулын жеңіп алды. Қазақстандық спортшы америкалық Энтони Айвиді (6-4) екі минутта нокаутқа түсірді, деп хабарлады Sports.kz.
Жекпе-жек 17 мамырда жартылай орта салмақта өтті. Осылайша Николай ММА-да тоғызыншы рет жеңіске жетті, ал бұл Айвидің карьерасындағы бесінші жеңіліс ретінде тіркелді.
Айта кетейік, турнирге UFC президенті Дана Уайт қатысты. Айви бұған дейін оның промоушнында өнер көрсеткен.
Ал қазақстандық спортшы мұның алдындағы жекпе-жек кезінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Стив Джонсты (8-2) жеңді.