Қоғам

Біреу сізді аңдып жүргенін қалай білуге болады

Маман егер күдікті жайттарды көзіңіз шалса, бірден құқық қорғау органдарына арыз жазуға кеңес беріп отыр

Егер біреу домофонға немесе үй телефонына кездейсоқ қоңырау шалып, коммуналды қызметтен екенін айтса, сізді аңдып жүрген болуы мүмкін. Еуразиялық заңгерлік компания жетекші заңгері Юрий Дахов «Прайм» агенттігіне осылай деді.

«Бұдан бөлек, кейде олар пошта жәшігінде жарнама буклетін қалдырады. Сондай-ақ, есік алдындағы кілемше астына печенье сынды жұмсақ зат қойып кетеді. Кілт салатын жерге жіп, сіріңке тығуы да мүмкін. Осындай тәсілдердің арқасында пәтерге қай кезде келіп, қашан кететініңізді анықтайды, – деді сарапшы.

Маман егер осындай бір белгілерді көзіңіз шалса, құқық қорғау органдарына арыз жазуға кеңес береді.

ҚР қылмыстық кодексінің 147-бабында жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Кінәлі деп танылған адам айыппұл төлеп, қоғамдық жұмыстарға тартылады. Бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. 

Оқи отырыңыз: 

  • Ақорда «Тоқаевты телефон арқылы аңдып жүр» деген ақпаратқа ресми түсініктеме берді
  • Қызу талқыланған видео: 9 жасар қыз соңынан аңдыған ер адамды алдап кетті
  • Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған

Дереккөз

Кілт сөздер:Әрі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close